Он шақты елде коронавирустың жаңа штамы табылды

845

Желтоқсанның ортасында Британияда вирустың мутацияланған жаңа түрі тіркелген еді.

Он шақты елде коронавирустың жаңа штамы табылды

B1525 деп аталатын коронавирустың тағы бір штамы Британия және тағы бірнеше елде тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Guardian басылымына сілтеме жасап.

Британияда бұл вирусты жұқтырудың кем дегенде 32 фактісі, Данияда 35, Нигерияда 12. АҚШ-та 7, Францияда бес, Ганада 5, Австралияда 5, Канадада 5, Иорданияда 5 және Испанияда 5 анықталған.

Еске сала кетсек, желтоқсан айының ортасында Британияда коронавирустың VUI-202012/01 деп аталатын жаңа мутациясы табылған еді. Ғалымдар оның бұрынғы штамға қарағанда 70 пайызға жылдамырақ таралатынын жариялады.

Британияның премьер-министрі Борис Джонсон вирустың мутацияланған бұл түрінің қауіптілігі 30 пайызға жоғары деп мәлімдеген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: ft.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу