Он сотық жер кезегіне енді электронды түрде тұруға болады

1746

Қазақстандықтар енді жеке тұрғын үй құрылысына жер алу үшін eGov.kz порталы арқылы кезекке тұра алады, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Он сотық жер кезегіне енді электронды түрде тұруға болады

Тұрғындар, тіпті кезегінің жылжу барысын өз бетінше бақылап, жер кезегіне бұдан бұрын берілген өтінішінің деректерін өзектендіре алады. Бұл процес әрбір қазақстандық алуы тиіс 10 сотық жерді алу барысын барынша ашық қылады. Ал автоматизация арқасында бұл процеске 5 минут қана жұмсалады.

Бұған дейін жер учаскесін алу кезегіне тұру үшін қазақстандықтар әкімдіктерге қағаз жүзінде өтініш тапсыратын, онда кезек реті дұрыс жүргізіле бермейтін. Оның үстіне, кезде кезекке тұру процесі 12 күн уақытты алатын. Бұл өтініштер 16 жыл бойы аудан, қала, облыс деңгейінде бөлек-бөлек сақталды.

"Әкімдіктер берген тізімді біз цифрландырып, электронды форматқа ауыстырдық. Жер теліміне кезекті цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты жою және жерді игеру үдерісінде жасалған үлкен ілгері қадам. Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге eGov.kz арқылы өтінім бере алады. Тағы бір жаңашылдық – енді таңдаған аймақтың әкімдігіне бармай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен жер теліміне өтінім беруге болады", – деп түсіндірді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Бұл қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, "Жылжымайтын мүлік" – "Жер қатынастары" бөлімінен "Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру" қызметін таңдау қажет.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметтің елорда ғана электронды түрде болғанын хабарлаған едік.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу