Он жылда 124,3 млрд теңге үнемделді

572

2020 жылға 232 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі мен медициналық бұйымы сатып алынды.

Он жылда 124,3 млрд теңге үнемделді

Сенатта "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп баяндама жасады. 

Оның сөзінше,  2009 жылы құрылған серіктестік бірыңғай дистрибьютор ретінде уәкілетті органдар айқындайтын тізбе бойынша елді дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шетелдік өндірушілермен тікелей келісімшарт жасап, дәрі-дәрмек сатып алу бойынша тендер өткізеді. 

"2010 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға бөлінетін қаражат 7 есе өсті. Әу баста дәрі-дәрмектің 804 түрі бойынша жұмыс бастап, қазір сатып алынатын дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тізімін 1331-ге дейін жеткіздік. Осыдан 10 жыл бұрын сатып алуға 31,3 млрд теңге жұмсалса, 2020 жылға 232 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі мен медициналық бұйымы сатып алынды. Біз 10 елден дәрі-дәрмек сатып аламыз. Мұнда жалпы 30 пайыздық үлес (52,2 млрд теңге) – Қазақстанға тиесілі. Бұрын отандық үлестің деңгейі бар-жоғы 5%- дан аспайтын", – деді баяндамашы. 

Берік Шәріптің мәлімдеуінше, бірыңғай дистрибьютор қаржының үнемделуіне ықпал еткен. 

"Соңғы 10 жылда елді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету барысында 124,3 млрд теңге үнемделді", – деді басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу