Он жылдан кейін қайта қосылған кәсіпорында титанның алғашқы құймасы балқытылды

1062

Шығарылатын өнімге үлкен сұраныс бар, Жапониядан тапсырыстар түсіп жатыр. 2019 жылдан 2021 жылға дейін 25 млн доллардың өнімін шығару жоспарлануда. 

Он жылдан кейін қайта қосылған кәсіпорында титанның алғашқы құймасы балқытылды

Бұрынғы "Ертіс химия-металлургия зауытының" аумағында орналасқан "Динатрон-Қазақстан" кәсіпорнында салмағы 150 келіден асатын таза титанның бірінші құймасы балқытылып, екіншісі балқытуға салынды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Кәсіпорынды іске қосу Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы және Первомайка ауылы үшін маңызды оқиға. Себебі, 10 жыл бойы тоқтап тұрған бірегей кәсіпорын қайта іске қосылды. Табысты қызмет жаңа жұмыс орындарын құру арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға үлес қосады.

Кәсіпорын директоры Виктор Попов алдағы екі-үш жылда шешілуге тиіс міндеттерді атап өтті. Оның айтуынша, шығарылатын өнімге үлкен сұраныс бар, Жапониядан тапсырыстар түсіп жатыр. 2019 жылдан 2021 жылға дейін 25 млн доллардың өнімін шығару жоспарлануда (500 тонна жоғары сапалы титан және 120 тонна ниобий).

Титан құймаларын шығарудан басқа тағы үш цех салу жоспарлануда. Олар: соғу, табақ прокаттарын және құбыр прокаттарын шығаратын цехтар. Кәсіпорынның 10 жылға арналған даму бағдарламасы жасалды. 2024 жылға дейін соғу, табақ прокаттары және құбыр прокаттары өндірісіне арналған жабдықтарды салуға және жеткізуге тартылған инвестиция көлемі 100 млн АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ, радарлық және ғарыштық техника үшін тантал және ниобий микроконденсаторлар өндірісін жолға қою жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу