Ол есірткіні "тығын" әдісімен жасырын таратуға дайындалған. Құқық қорғау органдары оның қылмыстық әрекетін дер кезінде тоқтатып, бойжеткеннен синтетикалық психотроптық зат салынған 27 ораманы тәркіледі.
Ақтау қалалық соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.
Маңғыстау облысының прокуратурасы Telegram желісіндегі "оңай табыс", "курьер", "закладка" секілді жұмыс ұсыныстарына сақ болуға шақырды.
"Бірнеше мың теңге үшін өміріңізді құртып алмаңыз", – деп ескертті прокуратура.
Сондай-ақ Қостанай облысында бір тұрғын 10 мың теңгеге банк шотын алаяқтарға берген. Кейін оның шоты қылмыстық мақсатта пайдаланылып, азаматтың өзі қылмыстық жауапкершілікке тартылған.