ОҢАЙ! карталарының теңгерімінен қолма-қол қаражат алуға болады

1149

ОҢАЙ! карталарының теңгерімінен қолма-қол қаражат алуға болады

ОҢАЙ! мобильді қосымшасының қолданушылары ОҢАЙ! карталарынан қолма-қол қаражатты шешіп алу қызметін қолдана алады, деп хабарлайды 24.kz.

Қаражатты негізігі картаның теңгерімінен кез келген Qazkom банкоматтары арқылы шешіп алуға болады.

"ОҢАЙ! картасының және мобильді қосымшасының қолданушыларынан алынған ұсыныстарды талдау нәтижесі, азаматтардың жиі сұралатын сұраныстарының бірі ОҢАЙ! карталарының теңгерімінен қолма-қол ақшаны шешіп алу мүмкіндігі туралы екендігін көрсетті. Енді бір картадан екінші картаға қаражатты аудару қызметіне мобильді қосымша арқылы жасалатын халықтың сұранысына ие болған қызмет түрі де келіп қосылды", – деді "Оңай Рау" ЖШС директоры Александр Зайкин.

Шешіп алуға арналаған минималды сома: 2000 теңге, максималды сома 20 000 теңге. Егер 24 сағаттың ішінде банкоматтан ақшаны шешіп алу процедурасы жасалмаса, қаражат ОҢАЙ! картасының теңгеріміне қайтарылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу