"Оңай" картасы екі есе қымбаттады

2281

Бұл ақпаратты "Алматы қаласының көлік холдингінің" өкілдері ресми растады.

"Оңай" картасы екі есе қымбаттады

Компания қызметкерінің айтуынша, картаны алғаш жасату бұрынғыша 500 теңге, ал қайта жасату құны 1500 теңге өскен. Тек балалар үйіндегі және отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының, жасөспірімдер үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері және мектеп оқушыларының карталарын қайта шығару 950 теңге болмақ. Ал бағаның өзгеруі доллар бағамымен байланысты болып отыр. Себебі карта шетелде жасалады. Мәселен ондағы чип - Еуропа елдерінде, сондай-ақ Орталық және Солтүстік Америкада шығарылса, пластиктің өзі Испания зауыттарында өндіріледі екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу