Оңай олжа іздеген петропавлдық жігіттер құрықталды

Олар есірткі таратумен айналысқан. 

Оңай олжа іздеген петропавлдық жігіттер құрықталды Фото: Полиция департаменті

Солтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны Павлодар қаласына есірткі жеткізумен айналысуы үшін арнайы келген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл мақсатта 17 жасар екі жігіт үй жалдап, "қорын" сонда сақтаған. Олар есірткі жасыратын кезекті жерді жабдықтау кезінде жергілікті полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

"Іздеу барысында жігіттердің бірінен ақ түсті ұсақ ұнтақ салынған 20 пакет табылды. Олардың уақытша паналаған үйінен 200 граммнан астам психоактивті зат, синтетикалық есірткіні орауға арналған изолента, пакеттер, басқа да қажеттіліктер табылды", – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Тәртіп сақшылары екі жігіт Петропавлдан Павлодарға есірткі тарату арқылы ақша табу мақсатында келгенін анықтады. Енді "меймандарға" қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу