"Оңбаған, әнші емес, алқашсың" дейсіздер": Мақпал Жүнісова тағы да желіні шулатты

2655

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова таңғы сағат 05:00 шамасында желідегі парақшасына видео жүктеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Оңбаған, әнші емес, алқашсың" дейсіздер": Мақпал Жүнісова тағы да желіні шулатты Фото: коллаж: inbusiness.kz

"Құрметті мені жақсы көретін жандар! Жек көретін жандарға да сәлем беріп қояйын. Жалпы, мен өмірге разымын. Әрбір күнім үшін Аллаға шүкір. Мені даттасаңыздар да, жамандасаңыздар да өздерің біліңдер. Шөптің басы бекер қимылдамайды. "Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой. Анда-санда бұзып қой" дейді. Бұзатын кездерім болады. Бірақ сіздер мені кешіресіздер. Мен мас емеспін. 1 литр қымыз ғана іштім. Мен де адам баласымын. Үйімнің құрылысы бітпей жатыр. Соған ашуланып қаламын. Жалғыз өзім жүрген қатын емеспін бе?", – деп мұңын шақты өнер иесі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу