"Онда тұрған ештеңе жоқ": Абай Бегей маңғыстаулықтардан кешірім сұрады

2512

Шымкенттен келін алған әнші оңтүстік өңірдің салтынан аттап кете алмаған.

"Онда тұрған ештеңе жоқ": Абай Бегей маңғыстаулықтардан кешірім сұрады Фото: видео скриншот

Әнші Абай Бегей ұлының құдалығы кезіндегі әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Өнер иесі бұл жағдайдан соң маңғыстаулықтардан сөз естігенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оңтүстік өңірмен құда болған әнші Абай Бегей Шымкент жақтың салт-дәстүріне таңданғанын айтты.

"Ақтаулық достарым "бізде мұндай салт жоқ, қайдан шығарып жүрсің" деп ренжіді. Өз басым осындай дәстүр оңтүстікте барын білетінмін. Қазақтың ежелгі дәстүрінде де болған, деді "Жұлдызды Weekend" бағдарламасында.

Шымкенттен келін алған өнер иесі оңтүстік өңірдің салтынан аттап кете алмағанын айтты.

"Маған ешкім ондай салт-дәстүрдің барын және ол сол жерде жасалу керегін ескерткен жоқ. Видеода да ыңғайсызданып қалғаным көрініп тұр. Бірақ келінімнің 85-ке келген әжесі отырды, солардың алдында шалқаймайын дедім. Бірақ онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деп айтып жатады. Сол себепті қай жақтан келін алсаң, сол жақтың дәстүріне көну керек. Маған Маңғыстаулық кісілер ұрсып тастады. Бірақ, мен ұят ештеңе көрмедім. Артық кеткен болсам, кешірім сұраймын, деді әнші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу