Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірде табылған "алтын" адамға қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді.
"Кезекті "алтын киімді көне ескерткіш" – Ақтөбе өңірінің ғана емес, бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын "алатын" адам тарихи құндылық. Кешегі Есік қаласынан, Шығыс пен Атыраудан табылған көне ескерткіштердің жалғасы бүгін Ақтөбе жерінен де көрініс берді. Бұл дегеніміз сол заманда қазақ жерін мекендеген бабаларымыз өркениеттің жоғары сатысында өмір сүргендігін көрсетеді. Бұл қойнауы құтты, тарихы тереңде жатқан Ақтөбе өңірінен табылған құндылықтардың бастамасы ғана деп білемін. Мұндай тарихи жәдігерлер әлі де көптеп табылып, дүние жүзінің алдында Қазақ елінің мәртебесін көтереді деп сенемін", – деп жазды Оңдасын Оразалин әлеуметтік желідегі парақшасына.