Өңделген тауар экспорты 8,7 миллиард долларды құрады

818

Өңделген тауар экспорты 8,7 миллиард долларды құрады

Инвестиция және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев парламент сенатында "Қазақстан Республикасының экспорттық саясатының негізгі бағыттары мен перспективалары" атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Қазақстанның экспорттық стратегиясын жүзеге асыру барысы және алдағы жоспарлар жөнінде баяндады, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі. 

Вице-министрдің айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанның өңделген экспорттың артуы байқалды. Мысалы, 2017 жылдың 7 айында өңделген тауар экспорты өткен жылмен салыстырғанда 26,7%-ға артып, 8,7 млрд АҚШ долларын құрады.

"Бүгінгі күні Қазақстан экспорттаушы 52 елдің қатарына кіреді. Біз уран, ұн, бидай жеткізу бойынша әлемдік көшбасшылар қатарындамыз. Жалпы алғанда өңдеуші сектордың 800-ден астам тауарын 115 елге экспорттаймыз. Біздің экспортымыздың сапалық құрылымы айтарлықтай жақсарды. Шетелде ұсынылатын өнімдердің үштен бірі экономиканың шикізаттық емес секторына тиесілі",- деді Тимур Тоқтабаев өз баяндамасында

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу