Өңделген тауар экспортының құны 10,4 млрд долларға жетті

618

Қаңтар, шілде аралығында сыртқы саудадағы тауар айналымы 53,7 млрд долларды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің үкімет отырысында жасаған баяндамасына сілтеме жасап. 

Өңделген тауар экспортының құны 10,4 млрд долларға жетті

"Экспорт көлемі 32 млрд долларға жетті. Өңделген тауар экспорты 23,4%-ға өсіп, 10,4 млрд долларды құрады. Тауар импорты 21,7 млрд долларды құрады. Сауда балансы 10,4 млрд доллар деңгейінде қалыптасып, оң нәтиже көрсетті", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу үрдісі сақталып тұр. Ал өндіріс көлемі 5,8%-ға өсті.

"14 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Қызылорда облыстарында байқалуда. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша фармацевтикалық өнім өндіру – 40,8%, машина жасау – 23,9%, оның ішінде автомобиль жасау – 34,2%, вагондар мен локомотивтер өндірісі – 48,9%, құрылыс материалдары – 11,6%, пластмасса бұйымдары – 26,5%, дайын металл бұйымдары – 18,6%, киім – 16,3% және жиһаз – 16% деңгейінде серпінді өсуді көрсетіп отыр", – деді Әсет Ерғалиев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу