Өңделген тауар экспортының құны 12,1 млрд долларға жетті

721

Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда соңғы 9 айда негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 15,1%-ды құрады. 

Өңделген тауар экспортының құны 12,1 млрд долларға жетті

Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, инвестиция өңдеу өнеркәсібінде – 80,6%, саудада – 37,8%, ауыл шаруашылығында – 36,7%, ақпарат және байланыс саласында – 14,3%, жылжымайтын мүлікпен операция жасау саласында – 18,9% және қаржы саласында – 15,6%-ға өсті. 

"Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. Биылғы қаңтар, тамыз аралығында сыртқы саудадағы тауар айналымы 62,8 млрд, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 37,5 млрд долларды құрады. Өңделген тауар экспорты 23,2%-ға артып, 12,1 млрд долларға жетті", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу