Бүгін Астана қаласында VI Халықаралық "ONDEU EXPO" өңдеу өнеркәсібі көрмесі өз жұмысын бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ағымдағы жылы "ONDEU EXPO" көрме алаңы ішкі павильон және көше экспозициясын қоса алғанда 9 000 шаршы метрді құрайды.
16 елден 206 шетелдік және қазақстандық экспоненттер келушілер назарына ұсынылды. Оның ішінде 2 ұжымдық экспозиция, Германия менРесей Федерациясы Омбы облысының стендтері.
206 экспоненттің 98 - і қазақстандық, 30-Қытайдан, 29 - РФ, 6 – Беларусь, қалғандары-Италия, Түркия, Жапония, Швейцария, Италия елдерінен . Көрме аясында 12 іс-шара өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу