Өңдеу өнеркәсібі 6,1%-ға өсіп, өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асты

172

Қазақстан Үкіметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елдің өнеркәсіптік іргетасын нығайту бағытында кешенді жұмыс жүргізуде.   

Өңдеу өнеркәсібі 6,1%-ға өсіп, өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асты Фото: primeminister.kz

Негізгі басымдық – отандық тауар өндірушілерді қолдау және өңдеу саласын дамыту, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, 2025 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 6,1%-ға өсіп, өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асты. Экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13,9%-ға дейін артты.

Саланы қолдау үшін 115 жобаны қаржыландыруға 500 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат "Бәйтерек" холдингі сынды даму институттары арқылы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілерге басымдық берілді. 2025 жылдың алғашқы 7 айында сатып алу көлемі 1,5 есеге өсіп, жалпы құны 1,2 трлн теңгеден асты.

Маңызды қадамдардың бірі – қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін іске қосу. Бұл жүйе сатып алудың ашықтығын арттырып, жалған өндірушілерді жоюға мүмкіндік береді. Тізілім осы жылдың күзіне дейін іске қосылады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу