Өңдеу өнеркәсібі: Былтыр 21,1 трлн теңгеге өнім өндірілді

366

Бұл 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есеге артық.

Өңдеу өнеркәсібі: Былтыр 21,1 трлн теңгеге өнім өндірілді  Фото: primeminister.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өңдеу өнеркәсібін дамытудың қазіргі жағдайына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі елдің жалпы ішкі өнімінде 13,4 пайызды құрады. 

"Сала өндірісінің оң динамикасы байқалады. Өткен жылы 21,1 трлн теңгеге өнім өндірілді. Бұл 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есеге артық. Салада 600 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз ететін 20 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Өңдеу кәсіпорындары бюджетке 2,7 трлн теңгеге салық төледі", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдасына сәйкес, жыл сайынғы нысаналы индикаторлар бекітілген. 

"Бүгінгі таңда нысаналы индикаторларының орындалуы келесідегідей. Өндіріс көлемінің өсуі индикаторы 103 пайызды құрайды. Жоспар бойынша – 104,4 пайыз. Екінші жалпы қосылған құн индикаторы 8 трлн теңгені құрайды, жоспар бойынша – 15,7 трлн теңге. Еңбек өнімділігі индикаторы бір адамға 22,3 мың долларды құрайды, жоспар бойынша – 52,4 мың доллар. Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 8 ай ішінде 14 тлрн теңгені құрап, 3,1 пайызға өсті. Салалар бөлінісінде тұрақты өсім 28 пайыз көрсеткішімен машина жасау саласында байқалады. Бұл автокөлік құралдары, машиналар мен жабдықтар және электр жабдықтарын шығару есебінен мүмкін болды", - деп атап өтті ол.

Жеңіл өнеркәсіпте тоқыма бұйымдары өндірісінің өсуі есебінен өсім 19,8%-ды, химия өнеркәсібінде өсім аммофос өндірісінің өсуі есебінен 3,1% құраған.

Министрдің сөзінше, металлургия саласында төрт пайызға жуық төмендеу байқалады. Оған металлургия зауыттарындағы негізгі пештерді жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары әсер еткен.

"Алайда индикатордың динамикасы қалпына келуде", - деп толықтырды Қанат Шарлапаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу