Өңдеу өнеркәсібі соңғы 8 айда қалай дамыды?

151

Саланың ЖІӨ-ге қосқан үлесі металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі мен фармацевтика есебінен 12,5%-ды құрады.  

Өңдеу өнеркәсібі соңғы 8 айда қалай дамыды? Фото: 123ru.net

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 8 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Саладағы өндіріс көлемі 14,9 трлн теңгені құрады, өткен жылғы көрсеткіштен 4,9%-ға артық.

"Металлургиядағы өсім ұлттық инвестор "Qarmet"-тің келуімен және кешенді жаңғыртудың басталғанымен байланысты. Нәтижесінде өндірістік тұрақтылық, қызметкерлердің орташа жалақысының 13,5%-ға көбеюі байқалады. 2024 жылы шамамен 1,3 трлн теңгеге 180 жобаны іске қосу жоспарланған", – деді Роман Скляр.

Металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, машина жасау, химия салаларында 17 серпінді жобаны іске асыру ерекше бақылауда екені атап өтілді. 

"Әрбір жоба бойынша егжей-тегжейлі жоспарлар бекітілді. Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс шеңберінде отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді. Тауар өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету тетігі енгізілді. Қазірдің өзінде ірі жеткізушілермен 25 келісім жасалды", – деді Скляр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу