Өңдеу өнеркәсібінде 13 трлн теңгенің тауары өндірілді

1116

QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы АҚ басқарма төрағасы Берік Бекеновтің мәлімдеуінше, соңғы 10 жылда 1527 кәсіпорын іске қосылды.  

Өңдеу өнеркәсібінде 13 трлн теңгенің тауары өндірілді

"2010 жылдан бері индустрияландыру бағдарламасы аясында 1527 жоба іске қосылды.500-дей жаңа тауарлардыңөндірісі жолға қойылды. Атап айтсақ, Ақтөбеде теміржол рельстері, Кентауда трансформатор шығаратын 4 зауыт ашылды. Автобустар мен автомобильдер шығаратын кәсіпорындар салынып, киім және кілем өнідірісі дамыды", – деді Берік Бекенов.

Өз кезегінде индустриялық даму комитетінің төрағасы Марат Қарабаев былтыр индустрияландыру бағдарламасы аясында ашылған өндіріс орындары жалпы өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнімнің 35%-ын құрағанын жариялады. "Индустрияландыру бағдарламасы басталған 2010 жылдан бері 9 трлн теңгеден астам ақша түсті. 212 мың жаңа жұмыс орны ашылды Былтыр жалпы өңдеу өнеркәсібінде 13 трлн теңгенің тауары өндірілсе, соның 35%-ы, яғни 4,6 трлн теңгесі индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске асырылған жобалардың үлесіне жазылды келеді", – деді Марат Қарабаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу