Ел экономикасы үшін ең негізгі және маңызды жобалар қатарында:
Тамыз айында Дөң тау-кен байыту комбинатының жиналған шламдарын өңдейтін байыту фабрикасы іске қосылды;
Қараша айында Қарағанды облысында арнайы кокс шығаратын ауқымды жоба техникалық түрде іске қосылды;
Қарағанды облысында ашылған тағы бір маңызды жоба –қуаттылығы жылына 330 мың тонна өнімді құрайтын әк шығаратын зауыт;
Қыркүйекте Жетісу облысындағы керамикалық плитка өндірісінің қуаты жылына 1,2 млн шаршы метрден 3,5 млн шаршы метрге дейін ұлғайтылды;
Қостанай индустриалды аймағында қуаттылығы жылына 70 мың автомобильді құрайтын жаңа Kia зауытының құрылысы басталды;
Алматыда Hyundai Trans Almaty зауытын жаңғырту аяқталды.
Биыл Қазақстанда бұған дейін елімізде өндірілмеген жаңа тауарлардың өндірісі жолға қойылды.
Биылғы елеулі жетістіктердің бірі – Qarmet комбинатының Қазақстан меншігіне қайтарылуы. Меншік иесінің ауысуымен кәсіпорынға бірінші кезеңде шамамен $1,3 млрд жеке инвестиция салынады.
Өткен жылы және биыл даму институттары өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыруға 620 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету бойынша заңнамалық міндеттемелерді іске асыру үшін түзетулер пакеті әзірленді. Бұл 2029 жылға қарай металдарды ішкі өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.