Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар үшін жеңілдіктер беріледі

302

Қарызды өндіріп алу кезінде шоттарды арестке қою тетігі қайта қаралады. 

Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар үшін жеңілдіктер беріледі Фото: t.me/KZgovernment

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жаңа Салық кодексі аясында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа Салық кодексі шеңберінде салық төлеушіге бағдарланған әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілетін болады. Салық төлеушіге тіркелуден бастап есептен шығарылуға дейін фискалдық көмек көрсетілетін болады. Қарызды өндіріп алу кезінде шоттарды арестке қою тетігі қайта қаралатын болады. Салық есептілігі 30%-ға, салық төлемдері 20%-ға қысқарады. Ынталандырушы және тиімді жеңілдіктер сақталады", - деді ведомство басшысы.

Оның дерегінше, тауарлардың тізбесін оңтайландырып, есепке жатқызу әдісімен импортқа ҚҚС төлеу тәртібі сақталады

"Сонымен бірге өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар үшін 3 жылға жеңілдіктер берілетін болады. Салықтық жеңілдіктер беру рәсімдерін оңтайландыру үшін жаңа Салық кодексі шеңберінде инвестициялар көлеміне, өндірістік процестердің күрделілігіне және түпкілікті өнімдердің өзіндік өндірісін дамыту үшін маңызы бар өзге де факторларға байланысты сараланған тәсілді ескере отырып, жеңілдіктердің "бір пакетін" беру жолымен ұсынылатын преференцияларды біріздендіру қаралады. Осылайша қолданыстағы ынталандыруды сақтай отырып, бизнесті қолдаудың жаңа шаралары қабылданады", - деді Ұлттық экономика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу