Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 18,2 пайызға өсті

1089

 Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 18,2 пайызға өсті

Бүгін ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуінің қорытындысы ретінде баспасөз конференциясын өткізді. Министрдің айтуынша, индустрияландыру бағдарламасы өңдеу секторының дамуына оң әсер еткенін көрсетіп отыр, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

"Биылғы І жартыжылдықта өңдеу секторы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға өсті. Индустриялық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша да оң динамика байқалып отыр. Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,1%-ға артып, 2,5 млрд АҚШ долларына жетті. 2018 жылдың қаңтар-маусымында өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 18,2%-ға өсіп, 532,8 млрд теңгені құрады", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Индустрияландыру басталғалы бері (2010-2017жж.) барлығы 6,6 трлн. теңге болатын 1148 жоба іске қосылып, 107 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Биыл жалпы сомасы 850 млрд теңге болатын 123 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Онда 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын болады.

Ведоство басшысының ақпараты бойынша, биылғы жылдың 1-тоқсанында тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 6,7 млрд долларды құрап, 24,4%-ға өсті.

"Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы салалар инвестиция үшін тартымды болып келеді. Тікелей шетелдік инвестиция құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі шамамен 3 есе өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 2018 жылдың 6 айында 4,5 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ға артық. Біз 59 миллиард доллардан асатын 658 инвестициялық жобаның негізгі тізбесін құрдық, ол 2020 жылға дейін жүзеге асырылады", - деді инвестициялық жобалар туралы айтқан министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу