Өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында теріс көрсеткіш сақталып тұр

1053

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 11 айда өңдеу өнеркәсібі 5,2%-ға өсті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында теріс көрсеткіш сақталып тұр

Оның сөзінше, өңдеу өнеркәсібінің өнімділігі бойынша 15 өңірде өсім тіркелді. Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары көш бастады. 

"Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 18,5, оның ішінде автомобиль жасау – 21,3, вагон мен локомотив өндірісі – 56,7, сондай-ақ құрылыс материалдары – 9,2, дайын металл бұйымдары – 18,1, пластмасса бұйымдары – 41,4, фармацевтикалық өнімдер – 27,9, жиһаз – 9,7, киім 8,7% деңгейінде серпінді өсім көрсетті", – деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, тау-кен өнеркәсібінде өсім қалпына келіп жатыр. "Есептік кезеңде тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 0,8% -ға артты", – деді Әсет Ерғалиев.

Оның айтуынша, шикі мұнай, газ және өзге де пайдалы қазбаларды өндіру салаларында өндірістің теріс көрсеткіші сақталып тұр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу