Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 13,4 трлн теңгені құрады

794

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңдеу өнеркәсібінде оң серпін байқалып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 13,4 трлн теңгені құрады

Министр 2025 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіп өсімін 1,5 есе арттыру үшін 2 негізгі міндетті жүзеге асыру қажет екенін алға тартты. 

"Бірінші, индустрияландыру картасы және ір инвестициялық жобалар аясында өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа жобаларды іске қосу керек. Екінші, "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңа шараларын жүзеге асыру қажет", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның сөзінше, соңғы 10 айда еліміздің өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталды. Нақты көлем индексі 5,8%-ға артып, 13,4 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен көп. 

"Іс жүзінде саланың барлық секторында оң динамика байқалып отыр", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу