Өңдеу зауытының іргетасы қаланды

1050

Өңдеу зауытының іргетасы қаланды

Бүгін Түркістан қаласында қымыз бен шұбат өңдеу зауытының іргетасы қаланды.

Өңдеу зауытының құрылысын отандық "Вторметалсервис" компаниясы жүзеге асырады. Ол қытайлық "Голден Кэмел групп" компаниясының инвестициясын тартты, деп хабарлайды  ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Осындай нысанды салу еліміздің өңделген өнім экспортын жоғарылатуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 33 000 тонна. Жобаны іске асыру мультипликативті әсер береді. Яғни осы маңды мекендейтін ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін ішінара шешуді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу