Өңдеуші секторда білікті мамандар жетіспейді

167

Елдегі өңдеуші секторда 613 мың адам еңбек етеді. 

Өңдеуші секторда білікті мамандар жетіспейді Фото: Pixabay.com

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев экономиканың өңдеуші секторында білікті мамандар тапшы екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
 
Сөзінше, бүгінгі таңда саладағы өзекті мәселенің бірі – мамандармен қамтылу мәселесі. 

"Қазір өңдеуші секторда шамамен 613 мың адам жұмыс істейді, бұл жалпы жалпы жұмыспен қамтылғандардың санының 6,7 пайызы. Өз кезегінде соңғы 10 жылда саладағы қызметкерлердің саны бар болғаны 10 пайызға өскен. Көптеген сала бойынша білікті мамандар жетіспейді. Бүгінде саладағы тиісті құрылымдар тарапынан шаралар қабылданып жатқанын білеміз. Бұл жұмысты күшейту қажет", - деді ол Сенатта өткен парламенттік тыңдауда.

Бұдан басқа Сенат спикері саланы қаржыландыру мәселесі де маңызды екенін айтты. 

"Бүгінде қаржы нарығындағы несиелеу мөлшерлемесі 22 пайызға дейін жетеді, бұл өңдеуші сектордағы кәсіпорындарды дамыту үшін ставканы субсидиялауға қарамастан теріс әсер етеді. 2022 жылдан бастап биылғы сәуір бойынша банктік несиелеудің жалпы көлеміндегі бизнесті несиелендіру үлесі 51 пайыздан 43 пайызға дейін төмендеді, бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпті несиелендіру 14 пайыздан 12 пайызға дейін азайды", - деді Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу