Өндірілген алғашқы өнім Қытайға экспортталды

1341

Өндірілген алғашқы өнім Қытайға экспортталды


Солтүстік Қазақстан облысындағы "Тайынша Май" зауытының алғашқы 2 мың тонна өсімдік майы Қытайға экспортталды. Бір жыл бұрын іске қосылған зауыт осы аралықта 5 мың тонна шикізат пен 1600 тонна тазартылмаған рапс майын өндірген. Зауыт биыл қосымша күнбағыс майын өңдейтін қондырғы орнатқан. Соның арқасында 400 тонна күнбағыс майы өндірілді.

Зауыт өнімі Қытайдың 40 млн адам тұратын Шэньси аймағына тасымалданады. Қазір қытайлық 2 мыңнан аса дүкен біздегі шикізатқа сұраныс білдірген. Құны 6 млрд теңгеден асатын Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен жобада 50-ге жуық жергілікті азамат жұмыс істейді. Алдағы уақытта жылдық қуаты 300 мың тоннаны құрайтын кәсіпорын 90 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отын.
Фан Лун Фэй – "Тайынша Май" ЖШС директоры: "Осы кәсіпорыннан шыққан өнім "Қазақстанда жасалған" деген атаумен Қытайға тасымалдануда. Алғашында зауытқа 15 млн доллар шамасында инвестиция құйдық. Бұл кәсіпорын 2018 жылы жылдық жоспарды толық орындайтын болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу