Өндіріс орнында 1,5 мың қазақстандық мертіккен

1028

Бір жыл ішінде өндіріс орнында 220 адам қаза тапқан.

Өндіріс орнында 1,5 мың қазақстандық мертіккен

Қазақстанда 2018 жылы 1 мың 568 адам өндірісте мертігіп, жарақат алып, жарымжан болып қалған. Бұл деректі бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ашылған "Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі IX қазақстандық халықаралық конференцияда" еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жария етті.

Рас, министр 2017 жылға қарағанда, өндірісте зардап шеккендердің саны 6,6%-ға азайғанын айтты.

Өкінішке қарай, бір жыл ішінде өндіріс орнында 220 қазақстандық қаза тапқан.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін салаларды металлургия мен құрылыс бастап тұр.

"Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында (үлесі 18,5%) және құрылыс саласында (12,4%) байқалады. Жүргізілген талдауға сәйкес қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының болмауы және қызметкерлерді тиісті оқытудың жеткіліксіздігі елдегі өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері болып қалуда", – деді еңбек министрі.

Бұл ретте, қолайсыз еңбек жағдайлары салдарынан қазақстандықтар тек өнеркәсіптік жарақаттар алумен шектелмей, сондай-ақ кәсіптік ауруларға шалдығуда. Тек 2018 жылы сақтандыру ұйымдары еңбекке қабілеттігін жоғалтумен байланысты зиянды өтеу үшін 2 мың 606 қызметкерге 4,5 миллиард теңге төлеуге мәжбүр болған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыған жол бермеу үшін не істеуде?

"Белгіленген проблемаларды ескере отырып, зиянды еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын түбегейлі қысқартуға және өндірістік жарақаттануды нөлге дейін төмендету міндетін қойдық", – деді Бердібек Сапарбаев.

Министрлік 2019-2023 жылдарға арналған йҚазақстанда зиянды еңбек жағдайлары бойынша өндірістік жарақаттануды және өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту бойынша жол картасынй әзірледі.

Бақыт Көмекбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу