Өндіріс саласы тұрақты дамып келеді

1564

Жыл басынан бері 712 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі шығарылды.  

Өндіріс саласы тұрақты дамып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматыда 4 жоба жүзеге асырылған. Сонымен қатар жыл соңына дейін 10 жобаны іске қосу және жүзеге асыру жоспарлануда, оның 8-і индустриялық аймақта болады.

"Алматы қаласының индустриялық аймағын дамыту есебінен өнеркәсіп саласында инвестициялардың өсуі байқалады. Бізде таяу жылдары қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ірі жобалар бар", – деді басқарма басшысы.

Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, өндіріс саласында және жалпы өндіріс көлемінде де тұрақты өсім байқалады. Қазіргі кезбе ол 3,2% өсіммен 712,3 млрд теңгені, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 568 млрд теңгеге немесе 103,1% - ды құрады. Мұнда фармацевтикалық өнеркәсіптің үлесі  жоғары (152%).

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінің мынадай кіші салаларында да өндіріс көлемі артты: сусындар өндірісі – 48,5 млрд теңге немесе 108,1% (үлесі – 6,8%); қағаз және қағаз өнімдері өндірісі – 15,4 млрд теңге немесе 206,6% (үлесі – 2,2%). Сондай-ақ өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі – 40,7 млрд теңге немесе 102,7% (үлесі-5,7%); машина жасау – 85,5 млрд теңге немесе 100,6% (үлесі – 12%, көлемі "авиажөндеу зауыты 405" АҚ, "Алматы электр механикалық зауыты" ЖШС, "Hyundai Trans Auto" ЖШС, "Сайман корпорациясы"ЖШС сияқты кәсіпорындардың есебінен ұлғайды"; жеңіл өнеркәсіп – 8,5 млрд теңге немесе 4,3 есе көп (үлесі-1,2%); дайын металлургия бұйымдары – 19,3 млрд теңге немесе 183,1% (үлесі – 2,7%).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу