Astra Plat көліктік карталарын толтыруға мүмкіндік беретін алғашқы бөлімше Қ. Кемеңгерұлы, 25 мекенжайы бойынша ("Огонек" дүкені, газет бөлімі) орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты..
"Енді тұрғындар қоғамдық көлікте жүру карталарындағы теңгерімді қас қағым сәтте әрі комиссиясыз толтыра алады", – деп жазды Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында аудан әкімі Ерлан Каналимов.
Аудан әкімінің ақпаратына қарағанда, қазіргі уақытта аталмыш тұрғын алапта көліктік карталарды толтыруға арналған тағы бір бөлімшені орнату мүмкіндігі қарастырылуда. Оның ашылуы туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.