Өндірісте жазатайым жағдайлардан зардап шеккендердің саны артты

1357

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ірі және орта кәсіпорындардың 97,1%-ы ұжымдық шарттармен қамтылған. 

Өндірісте жазатайым жағдайлардан зардап шеккендердің саны артты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов кәсіпорындарда жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Оның дерегінше 2020 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны 1 503 адамға жеткен. Ал 2019 жыл мұндай 1 430 жағдай тіркелген. 

"2019 жылғы 17 маусымда Женевада министрлік Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен "Vision Zero" нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын ілгерілету туралы меморандумға қол қойды. Республиканың 216 кәсіпорны осы тұжырымдамаға қосылды. Әкімдіктермен және әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, Әлеуметтік әріптестік жүйесін күшейтуге бағытталған кешенді шаралар іске асырылуда. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ірі және орта кәсіпорындардың 97,1%-ы және шағын кәсіпорындардың 46,8%-ы ұжымдық шарттармен қамтылған. Қызметкерлердің қысқаруына жол бермеу мақсатында әкімдіктер мен өңірлердің кәсіпорындары арасында өзара ынтымақтастық туралы 131 мың меморандум жасалды. Еңбек жанжалдарының алдын алу және оларды шешу жөніндегі кешенді жоспарды және 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттану мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол картасын іске асыру қажет", – деді Серік Шәпкенов.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу