Өндірістегі еңбек қауіпсіздігіне қатаң бақылау орнату керек - Тоқаев

349

Кейбір инвестор тапқан табысын тек қалтаға басқанды жөн көреді. 

Өндірістегі еңбек қауіпсіздігіне қатаң бақылау орнату керек - Тоқаев Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өндірістегі еңбек қауіпсіздігіне баса назар аудару керектігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұдан бөлек, өндірістің техникалық жағдайына да қатаң бақылау жасап отыру қажет. Кейбір инвестор тапқан табысын тек қалтаға басқанды жөн көреді. Еңбек қауіпсіздігі, экология, өндірісті жаңғырту сияқты маңызды мәселелерге мүлде назар аударылмайды. Мұндай жағдайға бәріміз куә болдық", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент өндіріс орындарын көптеп ашып, инвестиция тарту керектігін айтты.

"Сондықтан, менің тапсырмаммен Қарағанды комбинаты ұлттық инвесторға берілді. Оған берілуінің басты себебі – инвестордың кәсіпорынды кешенді түрде жаңғыртамын деген ниетінің болуы. Өндірістің жұмысын тоқтатпау және апатты жағдайға жол бермеу үшін кен орнын дереу қалпына келтіру, өндірістік қауіпсіздікті күшейту, материалдық-техникалық базаны жаңарту керек. Сондай-ақ, жаңа өндірістер ашып, қосылған құны жоғары тауарлар шығару үшін ауқымды инвестиция тартқан жөн

Жоғары технологиямен сапалы құрыш құю тәсілін меңгеру керек. Мұндай өнімдер көлік жасау өнеркәсібіне және басқа да салаларға қажет. Алдағы бес жылда кәсіпорын өндіріс қарқынын барынша арттырып, ТМД-да көш бастап тұрған металлургия комбинаттарының қатарына қайта қосылуы керек", - Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу