Өндірісті жаңғыртуға 400 миллиард теңге қарастырылады

937

Өндірісті жаңғыртуға 400 миллиард теңге қарастырылады

Ал, Ақтөбе облысында алдағы бес жылда өндірісті жаңғыртуға 400 млрд теңге қарастырылмақ. Модернизация, кен игеру, металлургия, химия өнеркәсібі және машина жасау салаларының кәсіпорындарын қамтиды. Нәтижесінде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі артады және экспорттық өнімнің көлемі ұлғаяды, дейді мамандар.

Нақты айтқанда, бұл көрсеткішті алдағы бес жылда 3 млрд 200 млн АҚШ долларына жеткізу көделіп отыр. Облыстық әкімдіктің мәліметі бойынша, бірінші жарты жылдықта өңірде 10 кәсіпорын қайта жарақтандырылып, бұл мақсатқа 6 млрд теңге жұмсалған. Олардың қатарында "Восход-Oriel", "КМК Мұнай", "Энергосистема" компаниялары, ферроқорытпа және хром қосындылары зауыттары және тағы да басқа кәсіпорындар бар. Жылдың соңына дейін тағы 10 кәсіпорын жаңғыртылмақ.

"Өндіріс орындарын жаңғырту еңбек өнімділігін 9% арттырып, жарақат алу қаупін 5% төмендетеді. Сондай-ақ, өндірудің өзіндік құнын төмендетіп, өнімді қайта өндіруді 2% азайтуға, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді", - деді Ақтөбе облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Нұржан Мақсатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу