Өндірістік станция мен айналмалы темір жол пайдалануға берілді

1328

 Өндірістік станция мен айналмалы темір жол пайдалануға берілді

Атырауда жаңа өндірістік станция мен айналмалы темір жол пайдалануға берілді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау мұнай өңдеу зауытынан жүк ағынын қала аумағынан тыс жерге шығаруға мүмкіндік беретін жоба экологиялық, өндірістік қауіпті сейілтеді.

"РТИ-АНПЗ" ЖШС жобасы зауыт жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.

Компания "Теңдік" станциясын қайта жаңғыртудан өткізді, темір жол, вокзал ғимараты, инженерлік коммуникация жаңартылды, аумақ абаттандырылды.

"Бір кездері цистерналарды буландыру, құю, төгу жұмыстары қала аумағында жасалды. Қазір осы станцияның арқасында бұл жұмыстар қаладан 8 шақырым жерде жүргізіледі. Бұл АМӨЗ-дің қоршаған ортаға əсерін азайтып, қаладағы ауаның тазалығын жақсартады", - деді нысанның салтанатты ашылуына қатысқан облыс əкімі Нұрлан Ноғаев.

Жоба аясында 367 жаңа жұмыс орны құрылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу