"Өнеге-Бейсен-Сайхын" және "Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы" жолдарының құрылыс барысы тексерілді

491

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады. 

"Өнеге-Бейсен-Сайхын" және "Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы" жолдарының құрылыс барысы тексерілді Фото: ҚР БҚО

Қыста қажет инертті материалдарды белсенді дайындағанның нәтижесінде қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. ҚТЖ-мен бірлесіп Сайхын, Жәнібек, Орал тауарлық және Тәуекел теміржол тұйықтары арқылы қиыршық тас жеткізуге арналған вагондар санын арттырдық. Мамандар қиыршық тасты бір күн сайын жеткізіп жатыр. Битум мәселесі де күн тәртібінде тұрған жоқ. Материалдың бір бөлігі қыста алынса, қазір РФ-нан жеткізіліп жатыр.

Екі жолдың жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайды, оның 170 шақырымына жаңа асфальт төселді. Маусымның соңына дейін мердігерлер қалған 75 шақырымға асфальт төсеуге міндетті. БҚО-ның оңтүстік аудандарында ауа-райы қараша айының ортасына дейін құрылыс жұмыстарымен айналысуға қолайлы екенін ескерсек, мердігерлердің алдына қойылған міндеттемені орындауға әбден мүмкіндігі бар.

Су өткізгіш құбырлар мен көпірлердің құрылысы 85% аяқталды. Мал айдау өткелдерін салу жұмыстары толығымен аяқталды.

Жаңа асфальт төселіп, қозғалыс қамтамасыз етілді:

  • Өнеге ауылынан Бейсен ауылына дейін;
  • Сайхын аудан орталығынан Хан орда ауылына дейін;
  • Күйгенкөл ауылынан Жәнібек аудан орталығына дейін;
  • Қазталов аудан орталығынан Ащысай өзені арқылы өтетін көпірге дейін;
  • Ащысайдан әрі қарай тағы 15 шақырым.

Мердігер ұйымдарға проблемалық учаскелердегі жұмыстарды барынша күшейту тапсырылды. Құрылыс маусымын жіберіп алмау маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу