"Өнер барысы" анықталды

2864

 Жеңіл салмақта Асылхан Төлепов жеңімпаз болды.

"Өнер барысы" анықталды

"Өнер барысы" республикалық турнирінің ауыр салмақтағы бас жүлдесін Сырымбет Бибосынов жеңіп алды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтық сында "Өнер қырандарының" өнерпазы Сырымбет Бибосынов  әнші Ардақ Байғабылмен күрескен болатын. 5 минутқа созылған белдесу барысында Сырымбет екі рет әдіс жасап, қарсыласынан басым түсті. Осылайша ол  елімізде алғаш рет өткізілген "Өнер барысы" республикалық турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды.  

"Өнер барысы" республикалық турнирінің қола жүлдесі ауыр салмақта Еркебұлан Дайыровқа, ал жеңіл салмақта Абай Аязбаевқа бұйырды. Жеңіл салмақта Асылхан Төлепов жеңімпаз болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу