Өнер мен демалыс салаларына бөлінген инвестиция көбеюде

1044

2020 жылдың қаңтар айында өнер және демалыс салаларына 3,3 млрд теңге құйылған. 

Өнер мен демалыс салаларына бөлінген инвестиция көбеюде

Қаңтар айында тіркелген бұл көрсеткіш былтырғыдан екі есе артық. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады. 

2020 жылдың қаңтар айында өнер және демалыс салаларына 3,3 млрд теңге құйылған. 2019 жылдың қаңтарында 1,5 млрд теңге шығындалған еді. 

Бұл жалпы ел аумағына жұмсалған капиталдық инвестицияның 0,5%-ын құрайды. 2019 жылы осы сектордың инвестициялық портфельдегі үлесі 0,2% болған. 

Осы салаларға бөлінген қаражаттың ең көп бөлігі Нұр-Сұлтан қаласының үлесіне тиесілі: 1,6 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда: Маңғыстау (527 млн тг), Алматы (445 млрд тг) және Жамбыл (357,3 млрд тг) облыстары. 

Жалпы, қаңтар айында инвестицияның құйылуы 17 аймақтың 12-інде тіркелген. Инвесторлар әзірге Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында белсенділік танытпай отыр. 

Тағы бір жайт, Шымкент биыл ТМД елдерінің мәдени астанасы болып жарияланды. Бұған дейін мұндай мәртебеге Брест қаласы ие болған еді. Мәдениет жылында шаһарда ірі 30 шара өткізілмек: көрмелер, фестивальдер, концерттер. Ал оның ресми ашылуы 2020 жылдың 3 сәуіріне белгіленді. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың үш тоқсанында өнер, ойын-сауық салаларындағы қызмет көрсету 39,7 млрд теңгеге жетсе,2018 жылы бұл көрсеткіш 39,8 млрд теңге болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу