Өнер мен демалыс саласындағы белсенді емес компаниялар саны артты

584

Кәсіпорындардың қатары 17 өңірдің тек бесеуінде қысқарған.

Өнер мен демалыс саласындағы белсенді емес компаниялар саны артты

2020 жылы өнер және демалыс саласындағы белсенді емес компаниялардың саны 27%-ға өсті. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады. Ал белсенді кәсіпорындардың саны өзгеріссіз қалған. 

1 қазанда елімізде өнер, ойын-сауық және демалыс саласында қызмет ететін 6,7 мың кәсіпорын тіркелген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,8%-ға көп. Оның 72,2%-ы немесе 4,8 мыңы жұмыс істеп тұр. 

Мұндай компаниялардың шамамен жартысы Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облыстарында орналасқан. Карантинге қарамастан кәсіпорындар қатары 17 өңірдің тек бесеуінде қысқарған: Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстары. 

Белсенділігін жоғалтпаған кәсіпорындар саны биыл 0,3%-ға өсіп, 2,9 мың болды. Ал уақытша белсенді еместерінің саны бір жылда 27%-ға көбейіп, 1,2 мыңға жетті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу