Өнер мен ойын-сауыққа бөлінген инвестиция бір жарым есе өсті

1031

Жалпы көлемі 119 млрд теңгеге жетіп отыр. 

Өнер мен ойын-сауыққа бөлінген инвестиция бір жарым есе өсті

2019 жылдың қаңтар және қазан айлары аралығында өнер, ойын-сауық және демалыс секторына бөлінген қаражат көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 118,9 млрд теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 53,5%-ға артық. 

Негізгі капиталға салынған барлық инвестициялардың ішіндегі осы сектордағы инвестициялардың үлесі бір жылда 0,9%-дан 1,2%-ға дейін өсті.

Ал 2018 жылы ойын-сауыққа жұмсалған инвестиция көлемі 104,2 млрд теңгеге жетіп, 2017 жылғы көрсеткіштен 38,7%-ға артқан болатын. 

Айта кетейік, қаражаттың төрттен бірі Нұр-Сұлтан қаласының үлесіне тиесілі (29,3 млрд тг). Елорда инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді. Екінші орында - Шығыс Қазақстан облысы (21,7 млрд тг), үшінші орында – Алматы облысы (19 млрд тг). 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу