Өнеркәсіп министрі қандай қызметтік көлікпен жүреді?

559

Сонымен қатар ол "Бәйтерек" холдингінде жұмыс істеген кезінде үлкен Мерседес көлігімен жүргенін, кейін оны отандық көлікке ауыстырғанын айтты.

Өнеркәсіп министрі қандай қызметтік көлікпен жүреді? Фото: inbusiness.kz

 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қызметтік көлігінің маркасын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Көлікті өзіміз таңдамаймыз. Оларды бізге ұсынады. Бір кездері Қазақстанда құрастырылған ELANTRA көлігімен жүрдім, жұмыс машинам болды. Көңілімнен шықты. Машинаны Президент Іс басқармасы ұсынады. Мен КІА көлігімен жүремін. Оған мүлдем ұялмаймын. Мәселе сәл басқада. Ұзақ жылғы тәжірибеге орай Үкімет мүшелері машинаны өздері таңдамайды", — деді министр Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу