Өнеркәсіп министрі тасқыннан зардап шеккендерге қанша үй салынғанын айтты

129

Тасқын салдарынан барлығы 224 елдімекен, 17603 тұрғын үй зардап шекті.  

Өнеркәсіп министрі тасқыннан зардап шеккендерге қанша үй салынғанын айтты Фото: Үкімет

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тексеру қорытындысы бойынша, 9156 үй жөндеу жұмыстарынан өтті. 8447 үй қалпына келтіруге жатпайтын болып танылды. Нарықтан 5767 үй мен пәтер сатып алынды. 2680 жаңа үйдің құрылысы басталды. Бүгінгі күнге 2576 үйдің құрылысы аяқталды. Құрылыс жұмыстары мамыр айының соңында басталып, 4 ай ішінде аяқталды", - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Министр облыстардағы құрылыс жұмыстарына жеке тоқталды.

"Батыс Қазақстан облысында 823 үй тұрғызылды. Облыстың шалғай аудандарында орналасқан елді мекендерде құрылыс жұмыстары толықтай қыркүйек басында аяқталғанын атап өту керек. Өңірдегі қалған 66 үйдің құрылысын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында 700 үй салынды. Өңірде алғаш рет темір-бетон конструкциядан жедел тұрғызылатын  300 үй салынды. Бұл – заманауи жылдам құрылыс технологиясы мен Қазақстан темір жолы тарапынан логистикалық қолдауының айқын көрінісі. Ақтөбе облысында 500 үйдің құрылысы аяқталды. Ырғыз ауданында ең қиын құрылыс жағдайы орын алды. Нұра ауылының тұрғандары келісім бойынша жаңа жерге көшіріліп, жаңадан тұрғызылған ауыл инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілді", - деді ведомство басшысы.

Қостанай облысында 153 үй, Ақмола облысында 292 үй салынды. Атырау облысы Құлсары қаласында 100 үйдің құрылысы аяқталды. Павлодар және Ұлытау облыстарында 8 үй салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу