Өнеркәсіп өндірісі – 5,9%, өңдеу өнеркәсібінің өнімділігі – 7% ұлғайды

1127

15 өңір оң нәтиже көрсетті. 

Өнеркәсіп өндірісі – 5,9%, өңдеу өнеркәсібінің өнімділігі – 7% ұлғайды

Қостанай, Атырау облыстары өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші бойынша көш бастады. Алғашқысы – 15,4%, соңғысы 14,2% өсім көрсетті. 

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің баяндауынша, 15 өңірдің  өнеркәсіп пен өңдеу өндірісі есептік кезеңді оң нәтижемен аяқтаған. 

"Биылғы қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өндірісі 5,9% ұлғайды. Еліміздің 15 өңірінде өсу байқалды. Тек Қызылорда облысында 9,9% төмендеу тіркелді
Ең жоғары өсімді Қостанай, Атырау облыстары көрсетті", – деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің өнімділігі 7% артқан. Машина жасау саласында – 25,4%, фармацевтикада – 24,2%, құрылыс материалдарын өндіруде –15,6% және жеңіл өнеркәсіпте 13,9% өсу қарқыны тіркелген. 

"Өңір бөлінісінде Қостанай облысында – 24%, Қызылорда облысында – 20,2%, Түркістан облысында – 17,2% өсу, Жамбыл облысында – 3,3%, Ақтөбе облысында 4,4%, төмендеу тіркелді", –  деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу