Өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,4% құрады

491

Өңірлер арасында айтарлықтай өсім Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Абай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,4% құрады Фото: google.com

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,4% құрады. Аталған уақыт аралығында 18 789,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 8 791,9 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,8%), өңдеуде – 8673 млрд. теңгеге (46,2%), деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 6,2%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 7,1% байқалды.

Шикі мұнайды (102,4%), табиғи газды (101,3%), темірді қоспағанда, кенді (103,1%), өзге де пайдалы қазбаларды (120%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-мамырда тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазудағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,3% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндіріс индексі 103,3% құрады. Өсім тамақ өнімдері – 6,5%, сусындар – 5,8%, өңделген мұнай өнімдері – 4,2%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 7,7%, өзге де минералды бейметалл өнімдер – 4,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру – 11,1%, машина жасау бойынша 31,9% байқалды.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Астана мен Шымкент қалаларында белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу