Өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,8% болды

545

2023 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда өнеркәсіптің өндіріс индексі 102,8% құрады. 

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,8% болды Фото: google

Аталған уақыт аралығында 11 234 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

"Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеру – 0,2%, өңдеу өнеркәсібін – 5,4%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 6,1%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызметте – 6,7% байқалды", делінген хабарламада.
 

Өңірлер арасында ең көп өсім Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Жетісу, Абай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.

"Шикі мұнайды (100,7%), табиғи газды (101,2%), темірді қоспағанда, кендерді (104,3%), өзге де пайдалы қазбаларды (122,7%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-наурызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 100,2% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп индексі 105,4%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдері – 8,1%, сусындар – 12,5%, мұнайдың өңделген өнімдері – 4%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру – 8,1%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 13,5%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру – 14,6%, машина жасауда 35,3% мөлшерінде белгіленді", делінген бюроның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу