Өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады

519

6 ай ішінде 22 611,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады Фото: gov.kz

2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады. Алты ай ішінде 22 611,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде:

кен өндіру саласында – 10 490,2 млрд.теңгеге

өңдеу саласында – 10 587,6 млрд. теңгеге (46,8%)

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда байқалды – 3,7%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,4%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 6,8%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 6,4%.

Өңірлер арасында айтарлықтай өсім Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Абай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу