2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 33 972,8 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Статистика бюросына сілтеме жасап.
Оның ішінде:
- тау-кен өндіру саласы – 15 925,1 млрд тг.
- өңдеу саласы – 15 890,1 млрд тг.
Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 5,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,2%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,1%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 5,6% байқалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу