Өнеркәсіп өнімінің өскені де, түскені де бар

857

Өнеркәсіп өнімінің өскені де, түскені де бар

Статистика комитеті 2017 жылғы қаңтарда кейбір өнеркәсіптік өнімдердің бағалары өскенін жариялады.

2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, өндіруші кәсіпорындар бағасы кен өндіру өнеркәсібінде 11,5%, өңдеу өнеркәсібінде 1%-ға жоғарылады. Өндірілген өнімге баға - 6,8%, өндірістік сипаттағы қызметтерге 2,7%-ға жоғарылады. Дегенмен, министрліктің мәліметтері бойынша, кейбір салаларда өнім құны өсім көрсетсе, кейбірінде керісінше төмендеген. "Өткен айда өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға - 14,3%, көмірге - 4,4%, металл кендеріне - 3,7%, дизель отынына - 0,8%, бензинге - 0,6%, табиғи газға 0,5%-ға жоғарылады, сұйытылған пропан және бутанға 0,8%-ға төмендеді. Бағаның ферроқорытпаларға - 10,4%, мырышқа - 3%, қорғасынға - 2,8%-ға жоғарылауы, олардың асыл металдарға - 4,6%, алюминийге - 2,4%, қара металдар илегіне 1,9%-ға төмендеуі тіркелді", - делінген хабарламада. Өндірушілер бағасының қантқа - 3,7%, қара бидай ұнына - 1,9%, сүт өнімдеріне - 1,7%, мал етіне - 1,3%, құс етіне - 1%, өсімдік майына 0,8%-ға жоғарылауы байқалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу