Өнеркәсіп саласы жылына 5,9 текше шақырым таза су тұтынады – министр

316

Оның 17%-ы өнеркәсіптік кәсіпорындарда қайта пайдаланылады. 

Өнеркәсіп саласы жылына 5,9 текше шақырым таза су тұтынады – министр Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елімізде экономика салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жыл сайынғы су тұтыну шамамен 25 текше шақырымды құрайды. Оның 65%-ы – ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне, 25%-ы – өнеркәсіптің қажеттіліктеріне, ал 4,3%-ы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады", - деді Нұржан Нұржігітов.

Оның сөзінше, республиканың өнеркәсіп секторы жылына орта есеппен шамамен 5,9 текше шақырым таза су тұтынады.

"Оның ішінде су бұру – 4,9 текше шақырым,  1,1 текше шақырым су – бұл қайтымсыз тұтыну. Өнеркәсіпті айналымдағы сумен жабдықтау көрсеткіштері жылына орта есеппен 9 текше шақырымға жетеді, ал қайта сумен жабдықтау бір текше шақырым суды құрайды. Осылайша өнеркәсіптік кәсіпорындарда жалпы таза су алудың 5,9 текше шақырымының 17%-ы қайта пайдаланылады. Бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді министр.

Нұржан Нұржігітов коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге жалпы көлемнен 1,3 текше шақырым су алынатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу