Өнеркәсіп саласында артта қалған өңірлер аталды

2656

Өнеркәсіп саласындағы жоғарғы өсім Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында қалыптасқан.

Өнеркәсіп саласында артта қалған өңірлер аталды

Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысы өнеркәсіп саласында артта қалуда. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл өңірлерде мұнай, газ конденсаты, жалпақ илем және қоспасыз болат өндіру төмендеген. Ал өнеркәсіп саласындағы жоғарғы өсім Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында қалыптасқан.

Ауыл шаруашылығы саласында жоғары өсімді әдеттегідей Ақмола облысы көрсетіп отыр. Құрылыста Түркістан облысы көш бастады. Ал Астана мен Шымкент қалалары, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары артта қалған.

Негізгі капиталға инвестициялар тартуда Шымкент және Астана қалалары айтарлықтай шабандық танытса, Қызылорда облысы алда тұр. Бұдан бөлек, инвестициялардың өсімі Қарағанды, Түркістан және Қостанай  облыстарында да байқалған.

Министрдің айтуынша екі айда ел экономикасының өсімі 3,5 пайызды құраған. Өсім негізінен тауарлар өндірісінің ұлғаюымен, қызмет көрсету секторындағы өсіммен байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу