Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің төрағасы тағайындалды

230

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің төрағасы тағайындалды Фото: Facebook парақшасынан

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Бақытжан Мұратұлы Жүнісбеков ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің маманы болып бастаған.

2004 жылы — Жамбыл облысы әкімдігінің "Жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерді салу және қалпына келтіру дирекциясы" МКК инженер-операторы.

2004-2005 жылдары — Жамбыл облысы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының инженер-механигі.

2005-2006 жылдары — Жамбыл облысы бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы бөлімінің жетекші маманы.

2006-2010 жылдары — Жамбыл облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекші маманы, бас маманы.

2010-2012 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің бас маманы.

2012-2013 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Қаржы басқармасы бөлімінің бас маманы.

2013-2017 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.

2017-2018 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары.

2018-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.

2020-2022 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

2022-2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу